Өлеңдер ✍️

  02.05.2021
  192


Автор: Шырын Мамасерікова

МҰҒАЛІМ

Мейлі ақынсың, хансың әлде данасың,


Кім болсаң да өз анаңа баласың.


Ал екінші, саған әріп үйреткен


Үстазыңа шәкірт болып қаласың.


Аппақ бидай дән теңізін тулатқан,


Заңғар көкке спутниктер зулатқан.


Мектептердің түлектері емес пе,


Чемпион боп жер - жаһанды шулатқан.


Күндіз шаршап, түнде ұйқысы қанбаған,


Мұғалімдік мамандықты таңдаған.


Ұлағатты ұстаз Жамал атандың,


Бар ғұмырын балаларға арнаған.


Ажарынан шуакты нұр тараған,


Ағайынның қабағына қараған.


Абыройын асқақтатқан жарының,


Абзал жансың құрмет тұтар бар адам.


Атса деумен арманының ақ таңы,


Әлі есінде білім отын жакқаны.


Парасаттың дәнін септі қаншама,


Мектеп - ғылым бақшасының бағбаны.


Ұстаз - ана жуған сәби жөргегін,


Жас шыбықтар жайды бүгін өркенін.


Бейнетінің зейнетіне жеткенде,


Түс сияқты сезінеді көргенін.


Бақыт құшар қиындықты жеңсе кім,


Алысқа ұшар өз күшіне сенсе кім?


Қалайынша жұрт қызықпас Жамалға,


Ерен еңбек биіктетсе еңсесін!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу