Өлеңдер ✍️

  02.05.2021
  277


Автор: Шырын Мамасерікова

СЫПАТАЙ БАТЫР ҰРПАҒЫ

Өктемдік пенен зұлымдықтарды көргенде,


Өкінішке толы өксіген өлең өргенде.


Қолынды созып құтқардың, аға, қаншама


Төбемнен тағдыр шыңырау құзы төнгенде.


Қайсарлық сіңген қаныңа батыр бабаңнан,


Қайырымды жансың титімтай кінә таға алман.


Тәкаппар тау кеп алдыңа басын исе де,


Алланың сүйген құлысың аспас сабаңнан.


Уақыт - қатал, әр күнің жайлы жаз емес,


Ауаның өзін демей ме кейде таза емес.


Бабаңның даңқын, намысын қорғап жүрсең де,


Қиянаттардан қиналған шағың аз емес.


Қас қырандардай заңғар көк жырын тындаған,


Қарт емендердей сан дауылдарда сынбаған.


Бар екен Сізде сүйекке сіңген батырлық,


Күшті ғып рухты қиындықтарға шыңдаған.


Адалдық үшін арыдым демес сөзі шын,


Ауырын жүктің көтерген нардың өзісің.


Абыройы асып Алашқа түгел танылған,


Арыстан жүрек, әруақты ердің көзісің.


Ұқсайсың бүгін шипалы көлге жағалы,


Ұрпаққа үлгі істерің ізгі, бағалы.


Абызға балап ардақтап жатыр Аспара,


Сыпатай батыр ұрпағы Дәбер ағаны.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу