Өлеңдер ✍️

  02.05.2021
  190


Автор: Шырын Мамасерікова

Ұмыту қиын

Соғыс - сойқан,


Кімді ажалға қиясың,


Қардай жауса, оқты қалай тиясың?!


Сыз окопты баспана етіп батырлар,


Сағынатын туған мекен-ұясын.


Қастерлейміз Бауыржанды, Мәлікті,


Шын ерлікті олар елге танытты.


Мәншүк пенен Әлиядай арулар


Батырлықтың жұлдызы болып жанып тұр.


Бір мың төрт жұз он сегіз күн шайқасқан,


Жиырма миллион өлді ажалмен айқасқан.


Сол ерлердің өміріне өтеу боп,


Жұлдыз-күнін жапырлатты қайта аспан.


Жеңіс күні оңайлықпен келген жоқ,


Жауынгерлер қолдан намыс берген жоқ.


Қара қағаз алса да ана ұлынан,


Қаза болды дегенге әлі сенген жоқ.


Әкеміздің аялауын көрмедік,


Бантик байлап, шашымызды өрмедік.


Жас болсақ та қабырғамыз қайысып,


Үлкендерше еңбек еттік, терледік.


Кілт үзіліп шырқай салған әніміз,


Тоңды соғыс ызғарынан жанымыз.


Әйел жесір, бала жетім атанған,


Сол жылдарды ұмытпаймыз әлі біз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу