👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  02.05.2021
  114


Автор: Шырын Мамасерікова

НЕМЕРЕМЕ

Атқанымен шіреніп насыбайды,


Баяғыша шаттанып тасымайды.


Байқаймысың, қарағым, мынау шалды,


Кәрі қойдың жасындай жасы қалды.


Жеңін жастық, етегін төсек еткен,


Жарықтықта қүндер аз есе кеткен.


Жалаң аяқ жар кешіп ұрпағы үшін,


Жас уызды жетелеп көшелі еткен.


Алдын кеспе, сұранам, жолыңды бер,


Амандасып бірінші қолынды бер.


Ақпа құлақ естісе ағып қетер,


Ана ақылын түсінген орынды дер.


Көзін қөрғен әкеңді, атаңды да,


Құрмет тұтқан әжеңді, апаңды да.


Қуандыршы, құлыным, қарияны,


Батасын ал кигізіп шапанды да.


Аман қалған аштық, жұт азабынан,


Сау оралған соғыстың тозағынан.


Сүйегі асыл қарттардың сарқытын іш,


Жұқсын десең ырысы қазанынан!...


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы