Өлеңдер ✍️

  02.05.2021
  200


Автор: Шырын Мамасерікова

Бармысыңдар, бауырларым

Есіңде ме қан шайқастар,


Қаруластар, майдандастар.


Жарты нанды бөліп жеген,


Қайдасыңдар, қайран достар?!


Айбынды әскери-құрыш жандар,


Атуы үшін пүліш таңдар


Бұғау салып фашизмге,


Күлін көкке ұшырғандар.


Қаһармандық – ерлік салты,


Қастерлейді әлем халқы.


Отан үшін от кешкеннің,


Өшпес мәңгі атақ-даңқы.


Тас-талқан ғып жаудың бәрін,


Жойып соғыс дауылдарын.


Жеңіс туын желбіреткен,


Бармысыңдар, бауырларым?!


Рухы биік сарбаздарым,


Өр, тәкаппар, мағаздарым.


Жауыздықты жер жастантқан,


Жарқыраған алдаспаным.


Бақытты өмір сүрейікші.


Күндей шалқып күлейікші,


Жылда жеңіс күнін тойлап,


Аман-есен жүрейікші!...


Жанарында жаз жадырап, күз күлген,


Жас боздақтар жапырақтай үзілген.


Соғыс өртін кәрі тарих ұмытпас,


Сойқандары көз алдында тізілген.


Отан үшін отқа кеуде төсеген.


Қызыл шоқты басып, отты көс


Қызыл шоқты басып, отты көсеген,


Аяқ-қолын, қос жанарын жоғалтқан.


Сан мүгедек кезікпей ме көшеден?


Соғыс-түрен тілгілеген жер үстін,


Жарақаты жазылмай тұр беріштің.


Айқыш-ұйқыш тыртықтардан сау емес,


Ақ сәулесін төккенімен күміс күн.


Бүкіл әлем босқа лағнет айтар ма,


Жауыз фашист қалдырған жоқ жай таңба.


Айбынды әскер алып шықты түнектен,


Шырақ етіп жүректерін майданда.


Жұрт ашуы жауды жүндей түттірді,


Дұшпандардың тізелерін бүктірді.


Берлиндегі патша ордасын талқандап,


Рейхстагқа Жеңіс туын тіктірді.


Қабақ шытпай табанына сыз өткен,


Елге деген махаббатпен, ізетпен.


Көкірегін қалқан етіп бүгін де,


Сақшылар тұр тыныштықты күзеткен.


Тәңір енді тек жақсылық көрсетсін,


Бал бөбектер қорқынышсыз ер жетсін.


Адам ата-Хауа ананың ұрпағы


Бейбіт күннің тал бесігін тербетсін!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу