Өлеңдер ✍️

  01.05.2021
  332


Автор: Мұратхан Шоқан

Кім түсінер қара халық дегенді

Бір шаруамен базар жаққа бардым да,
Араладым, жүретін жол тар мұнда.
Жүдеу жүзді, көрдім талай жанарды,
Көңілдері толып кеткен зар-мұңға...

Күн суықта, күні үшін дірдектеп,
Тұрғандары көңілімді кірлетпек.
Құрақ ұшып шығады олар алдыңнан,
Сені затын алса екен деп құрметтеп...

Әже отыр бес тал затқа телміріп,
Құшағына суық ызғар, жел кіріп.
Тіршіліктің сүйреп алып арбасын,
Маңайынан өтіп жатыр ел жүріп.

Кім түсінер қара халық дегенді?
Құдай бір сәт шолмайды ма төменді.
Оқу үшін шын өмірдің кітабын,
Базар жаққа барып тұрам мен енді...

Бір шаруамен базар жаққа бардым да,
Араладым, жүретін жол тар мұнда.
Жүдеу жүзді, көрдім талай жанарды,
Көңілдері толып кеткен зар-мұңға...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу