01.05.2021
  184


Автор: Мұратхан Шоқан

Құдай әр қауымға керекті адамдарды жібереді...

1. Жұрт қадірлейтіндей елге пайдалы тамаша ғұмыр сүр. Қанша адал ғұмыр сүрсең де сені жек көретін, саған дұшпан болатын адам табылады. Сен өзіңді жек көргендерге, дұшпандарыңа өлім тілеме. Дұшпандарыңның өзіңнен кейін өлуін тіле!.. Олар сенің халықтың алдындағы қадіріңді біліп кетсін.

2. Біз таланттарды өткен шақ пен келер шақтан іздейміз. Осы шақты ұмыт қалдырамыз... Біздің бәленбай деген керемет тұлғаларымыз өткен дейміз, әлі талай таланттар дүниеге келеді дейміз... Осы шақты естен шығарамыз, осыны қашан қояр екенбіз?! Осы шақсыз өткен шақ болмайды ғой. Таланттарды тірісінде қадірлейік. Тазарайық!

3. Құдай әр қауымға керекті адамдарды жібереді. Адамдардың көпшілігі құдай жіберген, құдайға жақын адамды танымай, танығысы келмей құдайға емес, өздеріне жақын адамдарды қолпаштап соңынан ереді. Құдай жіберген адамды танымаған қауым бақытты болмайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу