Өлеңдер ✍️

  30.04.2021
  177


Автор: Ұлмекен Лесбекова

Ай-Ару

Мына ғалам оның әсем дидарына жегілген,
Кірпігінің тамшысымен топыраққа егілген.
Ана, сенің иініңде ауық-ауық дем алып,
Тіршілікке тамыр жайып тарамдалған едім мен.

Қуаныш пен аз мұңданып соққан мүсін асылдан,
Шебер, бәлкім, оның сырын адамзаттан жасырған.
Сонан шығар ерке күлкі ажарында тұнса да,
Назды қылық қайқы мүйіз кірпігіне асылған.

Жазмыш заман жауынгер һәм жазагермен дарындас,
От-Анасы, о құдайым, қаламгермен қауымдас?!
Инженер де, дәрігер де, есепші де өздері,
Қайда барсаң қарсы алады «қырық жанды қарындас».

Сыр, толғаныс, сезім мен күй, махаббат та өздері,
Сыр алғандай сөйлетеді мынау әсем кез мені.
Әйел деген ұғымымды толықтырдым, не шара,
Өзіме-өзім таңырқанар, шамырқанар кез ба еді?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу