30.04.2021
  384


Автор: Юсуф Шұғай

ЖАҚСЫ СӨЗ – ЖАРЫМ ЫРЫС

Күнделікті тұрмысымыздағы адамдар ара қарым - қатынасқа тілдің , сөздің тигізетін ықпалы үлкен. Тіл өнерінің қыры мен сырын жете білген дана халқымыз ел арасын да белең алған әр түрлі мәселелерді шешен сөзді қарыттардың айтқан ақылымен шешіп отырған . Ислам дінінде де тілдің , жақсы сөз сөйлеудің алар орны ерекше . Алла тағала ардақты кітабіміз Құран кәримде “ Әй мүміндер ! Алладан қорқыңдарда дұрыс сөз сөйлеңдер ” ( Ахзап 70 . аят ) десе , ардақты пайғамбарымыз(с.ғ.у.) бір хадисінде “ шынайы мұсылман – тілімен және қолымен өзге мұсылман бауырына зиянын тигізбеген адам ” ( бұхари иман ) - деп , тілдің , жақсы сөз сөйлеудің маңыздылығын баяндайды . Жаратушы Алла тағаланың адам баласына берген ниғыметтері шексіз . Солардың ішіндегі ең көрнектісі тіл ниғыметі .пайғамбарымыз (с.ғ.у.) бір хадисінде “расында , кей кездер адам Аллаға ұнамды сөздер айтады , сонда ол сөздерінің қандай дәрежеге көтерілгенін сезбейді де ал Алла болса сол айтқандары үшін Өзімен кездесетін күнге дейін Өзінің риза блоған құлдарының қатарына жазады ! сондай ақ , кей кездері адам Алланың қаһарын тудыратын сөздер айтады , сонда ол сөздерінің неге жеткенін сезбейді де , ал Алла блоса , оны сол айтқандары үшін , Өзімен кездесетін күнге дейін қаһарында болатындардың қатарына жазады ” (тирмизи 2319) - деген . Бұл хадистен егер біз тілімізді жақсы сөздер айтып , Құран оқуға , сауапты істерге шақырып, күналі істерден тиуға , жас өспірімдерді дана сөздермен тәрбиелеуге қолдансақ , саупқа кенелетіндігімізді , ал керісінше тілімізді күнәлі істерге , өтірік айтуға немесе адамдар арасына ірткі салыумен жалған күәлік беруге , өзгелердің ар - намысын таптауға , жас жеткіншектеріміздің тәрбиесіне кері әсерін тигізетін сөздерге қолдансақ , жаратушы Алла тағаланың алдында жауапкершілікке тартылатындығымыз айқын көруге болады .
Баяағыда бір ғалымға « сіз кім боласыз ? » - деп сұрақ қойылған уақытта «мен түірме қарауылымын» - дейді . Сонда ол кісіге «сіз қалайша түірме қарауылысыз ?»- дегенде «мен тілімнің басқаларға кесірі тимеуі үшін оны әр уақыт қамауда ұстаймын » - деп жауап берген екен . Дана халқымыз «аңдамай сөйлеген ауырмай өледі » немесе « алдына келгенді жеу хайуанның ісі, аузына келгенді сөйлеу наданның ісі » - деп аталы сөз қалтырған . Шын мәнінде ауызға келген әр сөзді ақыл таразысынан өткізбей кез келген жерде сөйлеу көп қателесуге немесе басқалардың ренішін тудыруға себепші болады .сондықтан сөз сөйлеуден бұрын айтатын сөзіміздің басқаларға тигізетін әсерін ойланып барып сөйлегеніміз абзал . Себебі , пайғамбарымыз (с.ғ.у.) бір хадисінде мұсылмандардың сөздері қалай болуы керектігін былайша ашықтайды «мүминдердің тілі жүрегінің түбінде болдады .егер бір нәрсені айтқысы келсе ,алдымен оны жүрегімен тексеріп ақыл көзінен өткізеді . ал екі жүізді адамның сөзі жүрегінің бергі жағында болады .егер бір сөзді айтқысы келсе , айта салады , оны ой елегінен өткізбейді » - деп бұиырған . Мұғаз ибн жәбал пайғамбарымыздан (с.ғ.у.) Жәннатқа кіргізіп , Тозақтан алыстататын амал жайнда сұрағанда , пайғамбарымыз (с.ғ.у.) намаз, зекет сияқты исламның рүкіндерін санағаннан кейін «саған осылардың барлығының түп тамырында не жатқанын айтайынба ? » - деді . мен «әрйне иә Алланың елшісі » - дедім . пайғамбарымыз (с.ғ.у.) өзінің тілін көрсетіп : « мынаны тый » - дейді .Мен « иә Алланың елшісі , расында біз әр бір сөйлеген сөзімізден сұраламызба? » - деп сұрадым . сонда пайғамбарымыз (с.ғ.у.) « адамдар беттерімен тозаққа , тілдерінің кесірінен басқа бір ісі үшін тасталына ма екен ? » - дейді .
Дана ойлы Абай атамыздың « бес нәрседен қашық бол , бес нәрсеге асық бол , адам болам десеңіз,өсек , өтірік , мақтаншақ , еріншек , бекер мал шашпақ , бес дұшпаның білсеңіз » - деп келер ұрпақтарының қашық болуын өсиет еткен бес дұшпанының алғашқы үшеуі тілден болатындығы мәлім . Дана халқымыздың «он күнәнің тоғызы тілден » - деген аталы сөзін дұрыс талдай білсеңіз астарында сайдың тасындай салмағы бар ойдың жатқандығы белгілі емеспе ? деседе , кей кездері « отыз тістен шыққан сөздің отыз рулы елге тарайтынын » біле тұра « тілде сүйек жоқ» - деймізде, асыра сөйлейтін жәйіттерде кездесіп жатады .
Сөзімізді сыпайы қолдана білсек , отбасымыздағы береке - бірлігіміз артып , аға - бауыр туысқандар арасындағы ынтымығымыз күшейеді .себебі, сөз барлық істің қайнар бұлағы екендігі жайіндә ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.у.) былай деген « адам баласы таң сәріде ұйқыдан тұрғанда , оның дене мүшелері тіліне өздерінің бағыныштылғын білдіріп мынадай дейді біз ушін алладан қорық , өйткені біз саған тәуелдіміз , егер сен туралықты ұстансаң , онда бізде түзу боламыз . Ал егер сен қисайсаң , онда біз де қисаиямыз » тирмизи 2407 - делінген . Алла тағала «муминун » сүресінің аятында Фирдауыс жәннатына кіретін мұсылмандарды «олар бос сөзден аулақ болатындар » - деп сипаттайды . Демек , бос сөз сөйлеудің өзі мұсылманның сипаты болмаса , өтірік немесе өсек айту сияқты күнәлі сөздердің иманымызға жат екендігі шындық . Ендеше , жақсы сөз жан азығы деп , Алла тағаланың берген нығыметін әр уақыт жақсылыққа қолданайық .Егемен еліміздін баянды болашағы үшін ауыз біршілігімізді сақтап тұғыры биік ел болайық .




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу