Өлеңдер ✍️

  29.04.2021
  4669


Автор: Асылзат Арыстанбек

Эротикалық өлең (1)

Шәйі көрпе шытыр-шытыр етеді,
Шайыр төсек сықыр-сықыр етеді.
«Келші жаным, кел тағы да» дейсің сен,
«Болды» деймін, «жоқ, осы да жетеді».

Бірде майып,
Бірде жеңіп,
Ұтамыз,
Бар бұлақтың балын бірге жұтамыз.
Алқын-жұлқын,
Бөрі тартқан тулақтай,
Айдалада қалған шығар лыпамыз.

Сезім — сері,
Көңіл де — тоқ,
Серт – егіз,
Ерке бала сияқтымыз,
Ерке қыз.
Бұла күштің бұлқынысы шыдатпай,
Белден төмен сырғып кетті көрпеміз.

Көрікті сөз төгіледі кесте боп,
Ләззаттардың лағыл тасын тескен оқ.
Сен емініп,
Мен езіліп жатқанбыз,
О, құдірет...
Арғы жағы есте жоқ.

Заңдылығы болғаннан соң өмірдің,
Оны жырлау еншісінде өлеңнің.
Тұра алмайтын бір - бірінсіз өмірде,
Ер мен әйел екі жарты - бір бүтін

"Қой" дегенді күшігім тыңдамайды,
Есігіңді искелеп тырналайды,
Кіріп шықсын ендеше есігіңді аш,
Не бар, не жоқ екенін бір қарайды...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу