29.04.2021
  14832


Астана - әсем қала - эссе 6 сынып

 


Астана – Қазақстанның елордасы, қазақтың шуақты болашақ каласы. Қазақ мәдениетінің ошақ ортасы, ғылым және білім ордасы. Қазақ елінің көгілдірлі туы желбіреген тәуелсіздіктің ордасы.


Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясын айтқан- Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев. 1998 жылы ЮНЕСКО шешімі Астана қаласын «Бейбітшілік қаласы» деген атауға сай деп танып, медальмен марапаттады. Бразилияда өткен дүниежүзілік байқауда әлем бойынша 12 жас қаланың ішінен Астана жоғары атақты иеленді. Қала жобасын жапон сәулетшісі Кисе Курокава жасаған.


Қазір Астана өзінің ауыз толтырып айтарлықтай ерекшеліктерімен де ерекшеленеді. Жаңа әрі озық үлгідегі тамаша тұрғын-үй кешендері, еңселі әкімшілік ғимараттары, гүлзарлары мен субұрқақтары, әсем монументтері мен сәулет ескерткіштері бар Астана көз жауын алады. «Бәйтерек», «Хан Шатыр», «Бейбітшілік және келісім сарайы», «Ел анасы» монументі, «Конгесс Холл», «Тәуелсіздік сарайы», Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, «Керуен», «Мега» ойын-сауық орталықтары, «Астана – Арена» спорт кешені, ұлы тұлғалар Абай мен Пушкиннің, Сәкен Сейфуллиннің, ұлы үш биіміздің, батырларымыз Кенесары, Бөгенбай батырдың және басқа да қайраткерлердің мүсіндері Астананың сәнін келтірген інжу-маржан, көне Есілдің жағалауына әр берген гауһар моншақтар іспетті. Астана – тек біздің ғана емес, дүние жүзіне зиялылық нұрын төгетін тоғыз жолдың торабындағы Еуразияның, әлемнің сәулетті қаласына айналып отырған ғажайып шаһар.


Астананың Астана болғанына елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың еңбегін айтпай кетуге болмас. Ол кісі Астананы жаңаша гүлдендірді.


Астананың гүлденіп жаңғыруы – Қазақстанныңда гүлденіп жаңғыруы. Ел ордасы Астана жылдан – жылға гүлдеп көркейе берсін. Астананың көркейуі Қазақ елінің көркеюі. Сарыарқаның төрінде орналасқан Астана - Қазақстанның жүрегі. Мен оны әрдайым мақтанышпен "Әсем қалам – Астанам"-деп айта аламын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

25.02.2024 22:09
Өте нашар 6-сыныптың эссесі деп айта алмаймын ?
Кура❤??
Кура❤?? 21.11.2023 22:26
Маған ұнады керемет алға ?☺️
Насиба
Насиба 17.11.2023 12:46
50/50
Ддд
Ддд 17.11.2023 11:38
Өте керемет маған апай 10 балл қойды❤️?
Айзере
Айзере 16.11.2023 16:34
Өте нашар
13.11.2023 22:01
Нашар
Ннн
Ннн 20.11.2022 16:07
Жақсы
Н.Ә.Назарбаев
Н.Ә.Назарбаев 15.11.2022 22:26
Нашар
Айдана
Айдана 11.11.2022 11:34
Өте нашар
Ақсезім
Ақсезім 10.11.2022 21:28
Керемет айта алмайсын нашар
Жібек
Жібек 06.05.2022 20:28
Мә тупойлар онша емес эссе мынау Астана-әсем қала дегенге эссе бар ма өзі?

Пікір жазу