26.04.2021
  1312


Автор: Бала би

Төрт кісі бірлесіп, бір ақсақ ешкіні семіртіп соймақ болып қырманға жібереді. Және де сойғанда кім қай аяғын алатынын алдын ала белгілеп қойса керек. Ешкі бір күні шүберек ораған ақсақ аяғын отқа тигізіп алып бақырып, қырманды айнала жүгіріп, содан қырман өрттенеді. Өртке кінәлі кім деп іздегенде үш сау аяқтың иесі: «Отқа жұғысқан да, қырманға өрт қойған да шүберек байлаған ақсақ аяқ», - деп ауру аяқтың иесін айыпты етіп шығарады.



 


Сонда Бала би (Бименбет): «Ешкі бір аяғымен жүрмейді, үш аяғымен жүреді және ауру аяқпен жүрмейді, сау аяқпен жүреді. Ешкіні отқа айдаған да, отты қырманға әкелген де сау аяқтар. Сондықтан қрттің шығуына оның үш сау аяғы кінәлі»,  - деп ақсақ аяқтың иесін айыптаудан арашалап қалады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу