Баталар ✍️

  26.04.2021
  748


Дастарқанға бата

Асың, асың, асыңа,
Береке берсін басыңа.
Қырғауылдай жорғалап,
Қыдыр деген жарықтық
Өзі келсін қасыңа.
Бөлшіл, бөлшіл, бөлшіл бол,
Бозторғайдай төлшіл бол.
Бұрама темір, сом алтын,
Суға салса, батпасын.
Тәңірі берген несібең
Тепкілесе кетпесін.
Ойда қойың жайылса,
Омыртқа мен құйрық же.
Қырда жылқың жайылса,
Қазы менен қарта же.
Дөнежінің бұзаулап,
Дүниеге сыймасын.
Құла биең құлындап,
Кең далаға сыймасын.
Жарылқа, Құдай, қабыл ет,
Жарылқаудың қамын ет.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу