Өлеңдер ✍️

  26.04.2021
  519


Автор: Халық әндері

Екі алуан, екі асыл зат

Айт дегенде өлеңді-ау
Айтқан қандай, айтқан қандай
Ақын болсаң тақылдар тілмен таңдай
Ой екі алуан екі асылзат ой илигәй ау


Өнер қолы бұл елге ау
Тустеніпті, түстеніпті
Бұрынғының айтқаны-ау деген қандай
Ой екі алуан екі асылзат-ой илигәй-ау


Суйенбай мен Жамбылдың
Ұрпағымыз, ұрпағымыз
Жалтылдаған алтынның ұнтағымыз
Ой екі алуан екі асылзат-ой илигәй-ау


Баптап қосар бәйгеге-ау
Тұлпарымыз, тұлпарымыз
Осындайда қосылып ән салыңыз
Ой екі алуан екі асылзат-ой илигәй-ау 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу