Өлеңдер ✍️

  26.04.2021
  1099


Автор: Халық әндері

Жолың болсын жолаушы

Биік-биік тауларды,
Қызыл-жасыл бауларды,
Үлкен-үлкен қаланы,
Алыс-алыс ауданды,
Көру үшін аралап,
Асығамыз сапарға.

Қ/СЫ:
Жүрсең алыс жерлерде,
Аман-есен оралшы.
Сағынысып көргенде,
Құшақтасып, қол алшы.
Аспанда да, жерде де,
Асуда да белде де,
Жолың болсын,
Жолың болсын, жолаушы.

Ойдым-ойдым орманды,
Қабат-қабат қорғанды,
Тарқатылған бұрымдай,
Тарам-тарам жолдарды,
Көру үшін аралап,
Асығамыз сапарға.

Қ/СЫ:

Өзендерді, көлдерді,
Өзектерді, шөлдерді,
Жүгірген аң ұшқан құс –
Жете алмайтын жерлерді,
Көру үшін аралап,
Асығамыз сапарға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Бауыржан
Бауыржан 05.03.2024 10:48
Халық әні емес. Екі түрлі жазылып жүр. Біреулері Әсет Бейсеуовтікі дейді. біреулері Алтынбек Қоразбаевтікі дейді. Алтынбек Қоразбаевтың әндерінің стиліне келіңкірейді. Өзінен сұрап анығын білу керек.

Пікір жазу