Өлеңдер ✍️

  26.04.2021
  1023


Автор: Халық әндері

Угәйім-ай

Айналайын қарағым айдан аппақ, ах-ааау
Шыға алмаймын жаныңнан айналшықтап угәйім-ай
Үлкен жиын осында болады деп, ах-аау
Жаңа менде жеттiм-ау тайғанақтап угәйі-ай!

Қ/СЫ:
Угәйім ды айтайын
Жағдайыңды байқайын
Жақсы болса жағдайын
Бес күн қонып қайтайын - ай!

Қарағанға қараймын, қабамба деп ах-аау
Қамшылаймын атымды, шабамба деп угәйім-ай!
Өткеннен де сұраймын, кеткеннен де ах-аау!
Қалқатайдың ауылы, аманба деп угәйім-ай!

Қ/СЫ:

Жеткiзбейдi дүние, қуған менен ах-аау!
Адамға адам болмайды, жуған менен угәйім-ай!
Бәрi бiрдей жiгiттiң, би болмайды-ай, ах-аау
Көкiректен белдiкті, буған менен-ай

Қ/СЫ:




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу