Баталар ✍️

  25.04.2021
  398


Ораза батасы

Оразан қабыл болсын мұсылмандар.
Ниетін Жаратқанға ұсынғандар.
Алладан тілектерің қабыл болып,
Ойдағы орындалсын бар армандар.
Оразан қабыл болсын ұстағандар.
Парызын шариғаттың бұзбағандар.
Алладан тілектерің қабыл болып,
Болмасын арамызда күнәхарлар.
Оразан қабыл болсын жамағатым.
Сақтаған пайғамбардың аманатын.
«Үммәтім, Үмәттім» деп сұрағанда,
Тигізсін бізге оның шапағатын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу