Өлеңдер ✍️

  25.04.2021
  173


Нұрбол Аманбеков

Мен сені сағынғанда

Мен сені сағынған да
Тез жүріп келемін,қалың қарда
Алыс сапар шеккенде,
Асығамын кеудемде жаным барда

Мен сені сағынған да
Жыр жазамын өзіңе арнап анда – санда
Армандап қиялдаймын,
Жұлдыз санап,қарап көк аспанға

Мен сені сағынған да
Еске аламын ,кірпіктерім қағылғанда
Бетіңнен бір сүйемін,
Таңертең қоңырау соғылғанда

Мен сені сағынған да
Бөгет емес,биік – биік асуларда
Өзіңді ғана сүйемін,
Шыңнан жерге қарай құласамда


Мен сені сағынған да
Амандықты сұраймын бұл жалғанда
Сыйлап мәңгі өтемін,
Жүрегімде саған деген сезім барда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу