👈 қаріп өлшемі 👉

  24.04.2021
  184


Автор: Мира Сембайқызы

Жұмыс іздеген құмырсқа

Кішкентай жұмысшы құмырсқа басқа жұмыс іздемекші болды. Сөйтіа илеуінен кетіп қалады. Жолдан ұшып жүрген көбелекке көзі түсіп, сол сияқты болғысы келді.


– Көбелек, сен не істейсің? Сенімен бірге жұмыс істесем бола ма? – деп сұрайды ол.


– Мен сияқты ұшып, өсімдіктерді тозаңдандыра алсаң, жаныма серік бол, – деді көбелек.


– Жоқ, ол қолымнан келмейді, – деп құмырсқа әрі қарай кетеді. Алдынан бал жинаған ара кездесіп, оған да көбелекке қойған сұрағын қояды.


– Мен сияқты ұшып жүріп бал жинай алсаң, бірге жүр, – дейді ара. Құмырсқа бал жинау қолынан келмейтінін айтады. Бір кезде алдынан өрмек тоқыған өрмекші кездеседі. Одан да не істейтінін сұрайды.


– Мен сияқты шебер болсаң, кел де, өрмек тоқы, – дейді өрмекші. Құмырсқа өрмек тоқи алмайтынын айтып, өз жолымен кетеді. Қараса, өзінің құмырсқа досы тырбаңдап тірлік етіп жүр екен. Үлкен дәнді жалғыз өзі сүйрей алмай алқынып келе жатқаны анық. Құмырсқа қуанып кетеді де, дереу досына көмекке барады. Екеулеп жүріп, үлкен дәнді илеуге жеткізеді. Сонда құмырсқа өзінің қолынан келетін іспен айналысу керек екенін түсінеді.


Мира Сембайқызы, Мира Сембайқызы шығармашылығы, Мира Сембайқызы ертегілері, жұмыс, құмырсқа, іздеу, 6-7 жастағы балаларға арналған ертегі


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы