Өлеңдер ✍️

  22.04.2021
  179


Автор: Нұрсұлтан Надиров

Мәңгілік өмір сүреді !

Ұштыда кетті аспанға ,
Ажалың күтіп тосқанба .
Уақыты бітіп жердегі ,
Айналдың бұлыт асқарға .

Біріне-бірі қастандық ,
Жасаумен біздер мастандық .
Осы бір ажал астында ,
Жатқандай үлкен астар нық .

Денисім текті ұл еді ,
Елінің діңгек тірегі .
Айдында өсіп жетіліп ,
Тайғанақ мұзда түледі .

Ер жігіт еді жігерлі ,
Көгімнен қарап күледі .
Ұмытылмас аты ,
Сондықтан :
Мәңгілік өмір сүреді !

Сіңіпте кетті аспанға ,
Ажалы ауыз ашқанда .
Айналып тағы кете бард ,
Жердегі бейіт тастарға !

Танытып Қазақ байрағын ,
Жарыста жеңіп қайтатын .
Жаныңда болсын жәннәттан ,
Періште жүзді айдарлым !




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу