Өлеңдер ✍️

  22.04.2021
  154


Автор: Нұрсұлтан Надиров

Сағым жылдар!

Көзімде көзілдірік
Ұйықтамап ем
Түнімен көз ілдіріп
Сондықтан да
Қолдағы ГОРИЛЛАНЫ
Ішіп алып отырмын
Төзім қылып

А Айтпақшы
Оң қолда
Журналым бар
Шәкірттерім қасымда
Қыз бен ұлдар
Сырт көзге
Әлсіз болып
Көрінгенмен
Бәрі жүйрік
Мен үшін
Бәрі тұлпар

Шәкірттерім 9 "В"
Ұл мен қыздар
Бұл суретім
Бақытты кездеріммен
Тұспа-тұс дәл
Өздеріңмен
Мәз болып
Жүргенімде
Өтіп тағы кетіпті
Сол бір жылдар !
Ал ендеше
Сау саламат
Болғайсыңдар
Қолдарымнан Қыран боп
Ұшқан құстар




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу