Өлеңдер ✍️

  22.04.2021
  128


Автор: Нұрсұлтан Надиров

Өмір күрес!

Өмір күрес ,
Тірінің ,
Шаршы алаңы .
Талай сындар сынақтар ,
Қарсы алады .
Адам байғұс ,
Өмірімен күресумен .
Тағдырына өзіндік ,
Жол салады .

Тіршілікке қадам ,
Басып аттағалы .
Кей адамдар ,
Өмірден бақ табады .
Ал біреудің ,
Өмірде жолы болмай .
Сүрінумен , тым ауыр ,
Соққы алады !

Жақсы болсаң ,
Жаратқан жақ болады .
Қанша күнің ,
Ай мен жылың ,
Артта қалды .
Нәпсісімен , шынайы күрескендер .
Ақыретте тозақтан ,
Сақталады !

Ажыратсаң ей досым ,
Ақ қараны .
Жүрегің де ,
Пәк болып сақталады .
Жанарыңнан отты ,
Нұр сөнген кезде .
Дәл сол сәттен ,
Өміріңмен күресің ,
Тоқталады .
Өмір күрес ,
Тірінің шаршы алаңы !




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу