Өлеңдер ✍️

  22.04.2021
  122


Автор: Нұрсұлтан Надиров

Ерменен әйел теңеспе !

Қанатым менің талмашы ,
Шабытым өрге самғасын .
Жүргеніңіз әйел боп ,
Үйдегі , ердің , арқасы !

Маржаннан , жырды , терейін ,
Жанымды сөзбен демейін .
Шаңырақтың , басшысы ,
Еріңіз деп мен сенейін .

Өмірді құрып елеске ,
Ерменен , әйел , теңеспе .
Зередей өткен әжелер .
Сіздерге , үлгі емеспе.

Ер деген , сіздің патшаңыз ,
Үмітін дағы ақтаңыз .
Еріңіз айтқан , ақылын ,
Санада берік , сақтаңыз !

Ер деген , үйдің патшасы ,
Әйелдер ;
Осы бір , сөзді жатташы .
Әйел боп , күліп , жүргенің ,
Түздегі ердің , арқасы !




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу