Өлеңдер ✍️

  22.04.2021
  138


Автор: Нұрсұлтан Надиров

Әкім мырза !

Шашым өсті ,
Ақшам жоқ алдыруға .
Айлық бермей ,
Әкім бізді , таң қылуда .
Қазақ елін .
Ел басымыз , шақырып ед ,
Рухани атты деген Жаңғыруға .
Бұл күндері : ақша , жеген әкімдерім ,
Ұстаздарды басқаша шақыруда !

Хақым жоқ , заңсыздыққа ,
Бағынуға .
Қанша үй , жүдеуменен , тарығуда .
Қош келдіңдер :
Дегендей қолын бұлғап .
Аш жалаңаш күй атты ,
Жаңғыруға .
Әкім мырза ,
Жалақымды ертерек түсіргейсіз .
Уақытым жоқ :
Қайыр сұрап қаңғыруға !

Солақай саясатпен ,
Таң қылуда .
Ұлт тағдырын ,
Ойлайтын Ұстаздарды .
Қара нанға ,
Бүгінде зар қылуда .
Дәл осындай ,
Үлкен бір ,
Кемшілікпен .
Қазақстан
Рухани Жаңғыруда !




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу