Өлеңдер ✍️

  22.04.2021
  214


Автор: Нұрсұлтан Надиров

Досым менің !

Досым менің ,
Кеудемдегі , жүрегім .
Өзің барда ,
Мұқалмайды жігерім .
Толастамай , дамылдамай ,
Соға бер .
Бойымдағы , адал достың
Бірі едің !

Досым менің ,
Ақыл , санам , білемін .
Өзің барда ,
Шаттанып мен күлемін .
Өмір деген ,
Даңғыл жолда ,
Бір жүрсең .
Менде досым ,
Дұрыс өмір ,
Сүремін !

Досым менің ,
Жанардағы көздерім .
Шуақ шашқан ,
Жалын атқан ,
Кездерің .
Қарашығы , нұрландырып тұратын ,
Алла таққан ,
Жүзімдегі , төс белгім !

Кемшіл тұсым ,
Болса егер , ескергін .
Өзің барда ,
Жақсылықты көздермін .
Сендер менен ұзақ жылдар ,
Дос болып .
Есті жыйып ,
Есейіп мен өзгердім ,
Мен сендерді ,
Мәңгілікке қорғауға .
Жан тәніммен ,
Өр рухыммен ,
Сөз бердім !

Жүрек , ақыл , көзіме ,
Досты , теңедім .
Қыйын бір сәтте ,
Біріңді - бірің демегін .
Қолымнан келген ,
Осы болд ( ы ) ,
Достар , теңеуім .
Өмірлік жолда ,
Қатарлас , жүріп келемін .
Бақытты күндер ,
Біздерді күтіп ,
Тұр алда .
Шүбәсіз оған ,
Күмәнсіз дағы ,
Сенемін !




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу