Өлеңдер ✍️

  19.04.2021
  332


Автор: Есхат Тәлетұлы

Үнсіз кездесу

Жүгіріп келем автобусқа тағыда,
Жаздың аппақ ысып атқан таңында.
Кенет көзім жалт ете қалды абайсыз,
Бір қыз тұр екен аялдаманың жанында.

Көрдім анық, қара көзі қазақтың,
Жүзі муңлы ішінде мекен азаптың.
Тесіле қарап аяғыма мән берми,
Қасына оның жақындауға аз қаппын!
Ботадай көзін, муңайған жүзін көре сап,
Жүрегім кетті өзінше бөлек маздаптым!

Жанына жақын баруға жетпей батылым,
Қулақ қапты алып, үстімді түзедім ақырын.
Көзіме оттай басылып тұр жанары,
Болғандай сірә жүрегіме жақыным.

Қарапайым шаш үлгісі, өзіде,
Шаршап тұр бірақ назар салса көзіне.
Автобус кеп ед міндіде кетті асығыс,
Есік ашыла Здравствуйте деді де!

Жай кетпеді жүрекке от тастап кетті,
Ертегідей махаббатты бастап кетті.
Сұлу жүзі елкстеп қайта қайта,
Әуре етті жүректі бастан тепті!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу