Өлеңдер ✍️

  19.04.2021
  166


Автор: Есхат Тәлетұлы

Сағын мені...

Сағын мені
Жыл құстары келгенде,
Гүл өскенде тауларғада белдерге.
Жердің жүзі көктегенде жаңадан,
Сағын мені қысты көктем жеңгенде.

Сағын мені
Қызғалдақтар өскенде,
Нөсерлетіп аспан нұрын төккенде.
Шарлай барып ойыңды да қырыңды,
Сағын мені тамшыларын сепкенде.

Сағын мені
Сарғайғанда аумағың,
Жапырақпен толған кезде жан-жағың.
Сағын мені сағын мені тағатсыз,
Қоңыр түске оранғанда тау жағың.

Сағын мені
Ызғар шалып тоңғанда,
Ақ көрпеге мынау ғалам толғанда.
Сағын мені ештеңеге мән бермей,
Отшашулы жаңа жылың болғанда.

Сағын мені
Өлең оқып жүргенде,
Білім алып ой санаңа кіргенде.
Мұқағали өлеңінен аумайтын,
Осындай бір өлең барын білгенде.
Сағын мені сағына бер тоқтама,
Жылағанда, қуанғанда күлгенде.

Сағын мені
Шексіздік көлемімен,
* Есіңе мені алғайсың* өлеңімен.
Сағын мені жаныңмен жүрегіңмен.
Тек қата Махаббаттың себебінен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу