Өлеңдер ✍️

  19.04.2021
  227


Автор: Есхат Тәлетұлы

Бір адам сүйсе болғаны…

Өмірдің қиын болжамы,
Бәріне айқын ол жағы.
Не де болса әйтеуір,
Көңілді болсам болғаны.


Уақытм байлық ол дағы,
Бақыттан жолым олжалы.
Артықша тұрмыс не керек,
Алаңсыз өтсем болғаны.


Айналам жұртпен толғаны,
Мен үшін шаттық қордалы.
Жұз адам мейлі кіна артсын,
Түсінсе біреу болғаны.


Тіршілік түпсіз мол мәні,
Жүректің биік қорғаны.
Мың адам тіпті жек көрсін,
Бір адам сүйсе болғаны.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу