👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  19.04.2021
  77


Автор: Есхат Тәлетұлы

Неменем едің?!

Сен менің
Күнім бе әлде түнімбе едің.
Жайқалып тұрған әлде гүлімбе едің.
Немесе жай бір елес сәулесіңбе,
Әйтеуір жақындасам білінбедің.
Елестеп қайта қайта күлімдедің!


Сен менің
Жадырай атқан таңым бедің.
Қолдағы мол қазынам барым бедің.
Ой санамды шырмаған шатастырып,
Сорым бедің немесе бағым бедің.
Аз уақыттық қуаныш сағым бедің!


Сен менің
Ақыл ойым ойланар санам бедің,
Мүмкін жаңа жазылған жарам едің.
Барсырымды біліп ап абайсызда,
Ақпараққа жазатын қалам бедің.
Әлде дархан кең байтақ далам бедің.


Сен менің
Көкірегім кеудем бедің,
Жүрегімді паршалап көрген бедің.
Сен менің немсің өзі біле алмадым,
Адасып абайсызда келген бедің?!
Адасып абайсызда келгенбе едің?


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы