Өлеңдер ✍️

  19.04.2021
  138


Автор: Есхат Тәлетұлы

Махаббатқа…!

Доғар енді жетеді ойнағаның,
Аз емесқой мазақтап тойлағаның.
Біреулерді мұңайтып тұм жыратып,
Ал береудің үмітін жоймағаның.
Тас жүрекқып біреуді жіберген сен,
Осы жағын неліктен ойламадың?!
Ер жетіп менде келдім тап осында,
Не жағдай болар деп көп ойланамын.
Жүрегімді бір сәтке шошытады,
Алдау менен арбауға тоймағаның.
Әр бір жанға шынайы адал болып,
Кіршіксіз көңілді етіп қоймағаның!


Мен шынымен таңқалам Махаббатқа,
Жәй күйімен адамның санаспайды.
Қанша сүйіп тұрсада кей біреулер,
Бірге болмақ түгілі жақ ашпайды.
Мұң қайғыны барлығы бөліп алған,
Ал қуаныш жағдайын қараспайды.
Мен білемін Махаббат сен жайында,
Шын сүймесе сезімдер ары аспайды.
Махаббат бала шақта бола бермес,
Ал өскесін ешкімде талас пайды.
Мен есейдім мінекей осындамын,
Неге маған сезімдер қараспайды.
Ей махаббат келмейсің бе қарсы алдыма,
Тығылыспақ ойнау саған жарайпайды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу