Өлеңдер ✍️

  18.04.2021
  145


Автор: Махамбет Өтемісұлы

Құлжа қуған текешік

Құлжа қуған текешік
Құлдырайды құты ұшып.
Айшықты мүйіз тигенде,
Бас ұрмай ма, баз кешіп?!
Біздер - дағы, жігіттер,
Бірлестірсек білекті,
Шын туайттасақ тілекті,
Орната білсек керек-ті,
Толарсақтан қан кешіп,
Болат найза, ақ семсер
Жарасып біздің керекке,
Бойлата сұқ жүрекке,
Ханның кетсін аты өшіп!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу