Өлеңдер ✍️

  17.04.2021
  240


Автор: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Ықылас сүресі

Құдайға шексіз шүкір, сана сансыз
Өлім хақ, ол келеді бір күн аңсыз.
Алланың бірлігіне тәсбих айтар
Жаралған күллі ғалам жанды-жансыз.
Баршасы зікір етер есім сәтін,
Әрбірі, әр Лафызда айтар атын.
Құранда сүре "Ықыласың аятында
Білдірген құдіретімен өз сипатын.
Осылайша бұл сүренің фазылы бар
Құранның тәпсірінде айтылар.
Құранда фазыл болған уақиғасын
Имамдар осы түрде қылады изһәр.
Қырық жасында Пайғамбарға уәхи келді,
Кәпірге дағуат ет деп Хақ бұйырды.
"Аллаһ бір, хақ Расулын таны!"- деп,
Меккенің кәпіріне хабар берді.
Кәпірлер Расулге айтты:
- Иа, Мухаммед,
Көресің пұттарымыз әр түрлі зат.
Сен-дағы Құдайыңның асыл затын
Біздерге мағлұм етіп әйлә қыл жат.
Өзінің құдіреті мен Жаббар құда
Жіберді бүл сүрені Хабибына.
Пайғамбар кәпірлерге жауап берді,
Дәлелдеп бұл "ЬІқыласты" барлығына.
"Ықылас" — деп, бұл сүреге қойылған ат,
Оқыса ықыласымен әркім сөзін.
Хақына жаһаннамның оттарынан
Ол құлдың бар денесін қылар азат.
Бағызи мағрифат дүр бұл сүренің
Оқыса ықыласымен әркім сөзін.
Бір Құдай ол пендеге мағрифат ғып,
Махшарда Рәсүл қылар оның жанын.
Сөмат деп бағзы айтты және
Бір кісі оқуды әдет етсе ғана.
Жоламай ол адамнан шайтан қашып,
Жақындай мәғар етпес әркез оған.
Бағзилар: "Нұр сүре"- деп, айтар мұны,
Бір кісі әдет етсе күндіз-түні.
Алланың фазылы бірлән ол пенденің
Көңіліне Раушан болып толғай нұры!
Құранның үшбу сүре нұры дүрлар
Бұл сөзді тәпсирлерде қылған изһәр.
Үш рет ықыласымен айтса оны,
Бір Құран оқып шыққан сауабы бар.
Құрмет қып, кім оқыса аузына алып,
Өлгенде қабірі тұрар раушанданып.
Қараңғы қабірінде осы сүре
Жарқырап тұрар дейді шамша жанып.
Көңілі кәпірліктен қауіп ойласа,
"Иманым аман болсын!"- деп ойласа,
Дүниеден ислам дінмен сапар шегер
Ауызын мұны оқудан бос қоймаса.
Белгілі төрт мүшаррап періште бар,
Әрбірі, әрбір іске дайын тұрар.
Алланың өмірімен бұл сүрені
Әрқайсысы маңдайына жазыпты олар.
Жеткізе алман, жетіліп айтып мұны
Артықша бүл сүренің қасиеттерін.
Мүбарак Лафзымен баян еткен
Расулдың білдірейін хадистерін.
Миғраждан келгеннен соң Расул барып,
Асхабқа сөйлегені аузына алып.
Мүшаррап періштенің зікір еткен
Естідім тәсбихтерін құлақ салып.
Ат қойып "Ықыласың деп бұл сүрені,
Тұрады таспих етіп, айтып оны.
Осыны көп оқыған үмбетіме
Сауабын бағыштайды оның бәрі.
Алла айтты:
- Иа, Мухаммед, бұл бір хабар
Көресің көп Мұхарраб періште бар.
Әуелден ақырға дейін бәрі тегіс.
Таспих ғып бүл сүрені айтады олар.
Сол үшін тапсырамын мұны оған,
Фазылым түсер, махшарда оған.
Иа, достым, бүл сүрені көп оқыған
Сауабын бағыштаймын үмбетіңе.
Махшарда мойнына алған жаралған жан,
Болғанда әркім өзі қалы бірлән.
Бұл құлым пенделердің Саттары боп,
Асады дәрежесі бар ғаламнан.
Дүниеде Фазыл болған төрт кітап бар
Зәбур мен Тәурат, Інжіл, Құран олар.
Сипатын бір Құдайдың зікір еткен
Олардың баршасында бұл сүре бар.
Бір рет кім оқыса шын ниетпен,
Сол болар тілегіне барып жеткен.
Айтылған Зәбур, Тәурат, Інжіл, Құран
Сауабы жазылады қатым еткен.
Миғражда Расул барған жаннатқа еніп,
Не түрлі тамашаның бәрін көріп.
Расулге сол жаннаттан ұшырасты,
Алдынан Идрис нәби қарсы келіп.
Расулге Идрис айтты:
- Ей, пірәдар,
Өлгенде пенделерге көп түр қатер.
Жан ашу, қараңғы көр, ғазап қабір
Таразы, қисәп, сүәд, рузи, махшар.
Расул айтты: Осының бәрінен өтіп,
Жаннатта сіз жүресіз сайран етіп.
Айтылған қатерлерден құтылдыңыз,
Мәңгілік мұратына кәміл жетіп.
Расулге, Идрис айтты:
- Жаннатта едім,
Айтылған қатерлердің бәрін көрдім.
Сүйтсе де сізге үмбет болмадым деп
Арман ғып талай рет ойлап едім.
Идрисқа, Расул икрам айтты сонда:
Сайрандап жұмақ ішін жүрсің мұнда.
Білдірші маған соны, мақсатың не
Үмбеті Мұхаммедтің болуында?
Расулге Идрис айтты:
- Болсаң тыңдар,
Жаннатта бос тұр қанша жақсы орындар.
Кірмекке көңілім соғып жақындасам,
Мынадай сөзді маған айтады олар.
Дейді олар:
- Кіреміз, - деп, - келмеңіз сіз,
Мұхаммедтің үмбетіне несіп бізбіз.
Келгенше ол Расулдің үмбеттері
Еш адам кіре алмайды бізге әркез.
Мен айттым:
- Мұхаммедтің сіз үмбетің
Көрместен қайдан түсті бар һиммәтің?
Қай түрлі құлшылықпен мұны тапқан?
Сіз маған білдір - дедім - шарапатын!
Айтты олар:
- "Ықылас" атты бір сүре бар,
Кімде-кім көп оқыса салып ихрар,
Солардың кіретұғын орны —осы,
Жұмада және көппен оқығандар.
Олардың таудан үлкен сауаптары,
Айтуға таусылмайды жауаптары.
Махшарда көп халықтар жиналғанда,
Фазылымен кіргізеді біздерге оны.
Және бар Пайғамбардан бір хикаят
Оны да баян етіп айтайын жат.
Бір күні Алла Расулі асхабымен
Мәжілісте отыр еді жасап сұхбат.
Жәбрәйіл Хақ әмірі келді жетіп,
Расулге бұл сөзді айтты хабар етіп.
Иеменде сахибы дәулеті бар жақсы адам
Дүниеден үшбу күнде кетті өтіп.
Төрт жүз мың көктен енген періште бар,
Сап түзеп бәрі тегіс тұр қаз қатар.
Иа, Расул, жылдам барып имамдық ет,
Баршасы бұл мәйітке жаназа оқыр.
Пайғамбар Жәбрәйілге айтты және
Қанша жол екі арамыз айтшы маған.
Жәбрәйіл Рәсүлге айтты жеті жүз тәш
Жол депті шақыр Ямин Мәдинаға.
Пайғамбар: "бісмиллә!" деп атып тұрды,
Жәбрәйіл жер тамырын тартып тұрды.
Пайғамбар періштелерге имам болып,
Барлығы ол мәйітке намаз қылды.
Сүһәл ғып Жәбрәйілдан сұрады
Расул: Осынша ғиззат тапқан қалайша бұл?!
Аспаннан намазына Мәлік түсті,
Аллаға қай қызметі болып қабыл?!
Жәбрәйіл Расулге айтты:
- Иа, пайғамбар,
Мен сізге мәлім етіп айтайын жар.
Құрметке, міне, осындай ие болад
"ЬІқыластың тірлігінде оқығандар.
Сол үшін бұл дәулетті Алла беріп,
Намазын періштелер оқыды келіп.
Алланың уағдалы әмірімен
Сауық қып, сайран етер, жаннатқа еніп.
"Ықыластың күнде оқысаң он мәртебе,
"Аятүл күрсінің оған қоса және.
Пайғамбар қатарында орын берер,
Махшарда кәләм етіп Алла, әне!
Ол құлға риза болар бір Алламыз.
Шайтан әм мәғәр етпе оған әр кез.
"Кәһфң деген сахаба нәфіл еткен
Дәлелдеп хадиспенен айтылған сөз.
"Ықылас" атты бұл сүрені әркім көріп,
Оқыса ниет қойып көңіл бөліп.
Дүниеде ризығы көп болады,
Фазылы мен берекетін Алла беріп.
Құр қалмас бұл дәулеттен көршісі де
Ол-дағы азап көрмес жоқшылықтан.
Сүрені көп оқыған себебі үшін
Ол құлды жарылғасын Жаббар хақтан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу