Өлеңдер ✍️

  17.04.2021
  173


Автор: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Өлеңмен берілген аят

Жер де, көк те сенсің, Қадір,
Әр мүжүдке өзің әзір.
Пенделерге өзің нәзір
Сұбхан Алла — сенен медет!
Су, топырақтан бейне (пенде) қылған,
Барша Мәлік сәжде қылған.
Басын (бәсін) малғұн Ғұд қылған
- Адам, Хауа, сенен медет!
Адам, Хауа қажет еткен,
Шешесін де бейне еткен.
Пайғамбарға сәруар еткен,
Шиш нәби, сенен медет!
Ажал жетпей, жанын берген,
Пәрмен болмай, езі өлген.
Жұмақ ішіне тірі кірген,
Хазірет Ыдырыс, сенен медет!
Бір дарақтан кеме қылған,
Түпіліден топан қылған,
Мұрдарларны һалак қылған,
Нух пайғамбар, сенен медет!
Дария ішінде балық жұтқан,
Қарын ішін(де) отан қылған.
Қырық күннен соң қайта шыққан,
Иүніс нәби, сенен медет!
Ғаділдерді һалак еткен, Ио...кірмеген,
Сыртсыр білан һалак қылған, һуд пайғамбар, сенен медет!
Намұрд кәпір[ді] отқа атқан,
Мынжық илан дарға тұтқан,
От ішінде бостан болған,
Халилла, сенен медет!
Қадамжайы шат болған,
Ол һыжыраға маһи болған.
Шыбын жанын құрбан қылған,
Иа, Смағұл, сенен медет!
Жүз отызда бейне (біна) болған,
Ол Сараға дәрмен болған,
Рум-раһбар болған
Хазірет Ысқақ, сенен медет!
Ибраһимге жігер болған,
Быдғыдке һади болған,
Жер астына бір һәм болған,
Лұт пайғамбар, сенен медет!
Күндіз-түнде зар еңіреген,
Жылай-жылай көзі қарған,
Нүсіп ұғлын құрбан қылған,
Хазірет Жақып, сенен медет!
Он ағасы дұшпан болған,
Өтірік илан ғауға қылған,
Мысыр ішінде патша болған,
Нүсіп нәби, сенен медет!
Шам сахарада мехнат көрген, ;
Әр мехнатқа разы болған,
Атшыларға сабыр қылған,
Хазірет Жүніс (Иүніс), сенен медет!
Мұса кәйім қойын күткен,
Әуел ақыр әмірін тұтқан
Кәпірлерді һалак еткен,
Иа, Шұғайып, сенен медет!
Неше түрлі зарлық көрген,
Ферғауынды һалақ еткен.
Шам сахарада Торға шыққан,
Хазірет Мұса, сенен медет!
Темірланы муми еткен, .... хайла еткен,
Сүлейменге әмір еткен,
Хазірет Дәуіт, сенен медет!
Неше ханға патша болған,
Таһыт бірлан аспанға ұшқан,
Былқыс деген хорды құшқан,
Шаһи Сүлеймен, сенен медет!
Кәпір дінін батыл қылған,
Тас ішінде мекен қылған,
Асхап каһын, сенен медет!
Дарыхты ишра зәкір қылған,
Патшаларына ада (ара) қойған,
Хақ жолына жанын берген,
Иа, Зікірия, сенен медет!
Кеш те күндіз еш тынбаған,
Үмбет үшін көзі кіриан,
Жылай-жылай еш тынбаған,
Иа, Мұстафа, сенен медет!
Дін исламға бұрын кірген,
Мұхаммедке жүріп ерген,
Хабиб Хаққа қызын берген,
Әбубәкір, сенен медет!
һәмма пұтны сындырған,
Кәпірлерге қылыш ұрған,
Дін жолына махкам ашқан,
Хазірет Ғұмар, сенен медет!
Мұхаммедке қызмет еткен,
Ғалымларды бінла (бейне) қылған.
Хан Манын құрбан еткен,
Хазірет Ғұшман, сенен медет!
Құлларына қылыш алған,
Кәпірлерге қырғын салған,
Жердің жүзін,- бәрін алған,
Шері-Құда, сенен медет!
Фатимаға қанат болған,
Муминларға медет болған,
Кербалада шаһит болған, Хасен,
Хұсайын, сенен медет!
Дін жолын ол түзеткен,
Хақ зікірін берік тұтқан,
Халайыққа жол көрсеткен,
Ғұшаллағзам, сенен медет!
Хақ дүр оның жолдары,
Муминлардың раһбары,
Хақ Мұхаммед үмбеті, Имам Ағзам, сенен медет!
Кәміл дүр сенің пірлерің,
Барша білер (білүр) сырларын,
Түркістан-дүр жерлерің,
Хазірет Сұлтан, сенен медет!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу