Өлеңдер ✍️

  15.04.2021
  359


Автор: Жамбыл Жабаев

Соңғы сөз

Сөндің бе жарқыраған шам-шырағым,
Қалдың ба тас бітеліп қос құлағым?
Жатсам да төсек тартып дәрменім жоқ,
Сеп болып сөйлетесің жалғыз жағым.
Қалыппын ие болмай өзіме-өзім,
Әлім жоқ, күш, қайратты өтті кезім,
Балалар өлгенімше болысыңдар,
Сендерге сол-ақ айтар соңғы сөзім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу