Өлеңдер ✍️

  15.04.2021
  279


Автор: Жамбыл Жабаев

Майданға хат

Хаттарыңды алдым, балалар,
Қарадым қанша үңіліп,
Қаһарман іске барабар,
Қайраттар қаулап тұр күліп.
Жауынгер балам, Дүйсекей,
Командир балам Сахаров,
Сөздерің күшті бірегей,
Соққандай жауды жапырып.
Қыйратып жауды салуға
Ұлдарым менің, қам қылған, —
Хабарлап соны Жамбылға,
Хаттарың мейір қандырған:
«Құртамыз жауды! — депсіңдер, —
Алынар ұпай, одан кек!
Күтеміз Жәке, жыр жібер,
Береді бізге ол көмек!»
Кәріліктің көнбей ырқына,
Жырлаймын жазғы жырды әлі,
Болысам жауды құртуға,
Қаһарман жұрттың ұлдары.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу