Өлеңдер ✍️

  13.04.2021
  631


Автор: Жамбыл Жабаев

Алғыс

Дос-жараным, өренім,
Сүйінішпен келіпті.
Бәрін билеп денемнің
Бір қуаныш ерітті:


Қарт жыраудың жырына
Ұлы сыйлық беріпті!
Бұл хұрметке, дариға,
Сыя болса дария,


Қағаз болса бәр жапырақ,
Қалам болса әр бұтақ,
Қару тауып берер ме!
Сөз тапсаң да гауһардан,


Күй тартсаң да тайпалған,
Біреуі сай келер ме?
Жырақ жатқан жапанда,
Жырауды қосып қатарға


Өмірімді тіргізген,
Өлеңімді өргізген —
Айтам алғыс, Отаным!
Айтам алғыс, Сталин!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу