Өлеңдер ✍️

  13.04.2021
  152


Автор: Сұлтанмахмұт Торайғыров

Қожеке, келдіңіз бе көңілім сұрай?

Қожеке, келдіңіз бе көңілім сұрай?
Менің адам болуым екі талай.
Көп болса бір жұмалық өмірім бар,
Байқашы, мына менің шамам қалай?
Дерт күшті, тамағымнан жүрмейді асым,
Жастыққа, жөтел қысып, тимей басым.
Тағдырдың кездестім ғой кермесіне,
Талапты жиырма сегіз деген жасым.
 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу