Өлеңдер ✍️

  07.04.2021
  652


Автор: Мағжан Жұмабаев

Ботамды көрдім түсімде

Ботамды көрдім түсімде
Қырмызы моншақ тағынған.
Ботамды көрдім түсімде
Атасын боздап сағынған.
Апасы құшып еркесін,
Көзінен меруерт ағызған.
Мен сендерден садаға,
Бөбегім, жарым, жанымнан!.. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу