07.04.2021
  189


Автор: Шәкәрім Құдайбердіұлы

«Қазақ тілі» газетінің басқармасына өтініш

Төмендегі сөзіме газетіңізден орын берсеңіз екен.
Баяғы түріктің атақты ақыны (поэт) Физули өлеңінің басында айтқан: «А, Құдай! Менің өлеңімді үш түрлі антұрғаннан сақта. Бірінші, әннің ретін білмейтін кісіден сақта, себебі ондай кісіге айтқан жақсы өлең де жаман көрініп, байыбына бара алмайды. Екінші, күншілден сақта, оның себебі жақсы өлеңімді жамандап, теріс мағыналап, халықтың жүрегіне азғыру салады. Үшінші, қате жазушыдан сақта, оның себебі менің «көз» деп жазғанымды «көр» деп жазып, ашық көзімді соқыр көрсетеді», – деген.
Сол айтқандайын Ташкенттегі «Шолпан» журналы менің өлең қылған «Ләйлі–Мәжнүн» әңгімесін соншалық көп қате қылып басыпты. Оны түзету қайтадан бір кітап жазғаннан қиын.
Кей өлең мүлде жоқ, кейінің жартысы жоқ, әріп қатесі есепсіз көп. Өлеңімді соқыр, ақсақ, шолақ қол қылыпты. Өлеңнен хабары бар кісі оқыса, ол менің кемшілігім емесін білер.


«Қазақ тілі», 1924, 13-нөмір




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу