Өлеңдер ✍️

  06.04.2021
  295


Автор: Шәкәрім Құдайбердіұлы

Өлтірдің, онан таптың қандай пайда...

Өлтiрдiң, онан таптың қандай пайда,
Өмiр сүрiп жүрушi ем жазда сайда.
Жетiмдiк қандайлығын көзiң көрдi,
Кешегi тiрi жүрген әкең қайда?!


Менiң де жетiм қалды балаларым,
Олар да жылайды аңсап аналарын.
Өзiң жетiм, жетiмдi аясаңшы.
Жоқ екен басыңда ми-саналарың...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу