Өлеңдер ✍️

  06.04.2021
  223


Автор: Шәкәрім Құдайбердіұлы

Қараңғы мен жарықты жүрміз өлшеп...

Қараңғы мен жарықты жүрмiз өлшеп,
Күңгiрт, жарық, қараңғы, көмескi деп.
Жыл мен ай, сағат, минут, секунд деймiз,
Секундты мың бөледi хроноскоп.
Жүйрiк оймен оны да бөле берсек,
Кетпей ме ең аяғы есепсiз боп.
Қай жерден былайғысын жуан деймiз,
Бас қанттай ағаш жонсақ тым үшкiрлеп.
Жұпардан неше жылдай иiс шығар,
Сол иiстiң ұсағын бөлшi есептеп!
Мұхитқа тозаң құрлы тұз салынса,
Ойлар ең сол нешеге бөлiндi деп?
Жаралыс жұмбағының iсi өлшеусiз,
Бiлдiм деген – бiлмедiм дегенге есеп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу