👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  06.04.2021
  105


Автор: Нұрбол Бимұрзаев

Әке насихаты

Әкесіне мұңын шертті баласы:
Қалжыратты өмірдің бақ таласы,
Бар ма екен күндестіктің шарасы,
Пәленшенің сұм ісіне қарашы,


Қинап барад қас жүректің жарасы,
Қойдым бәрін кетті жұмыс мазасы,
Мен де оған арамдық қып ор қазам,
Бәлкім осы болар оның жазасы...


Деді әкесі қарап жүзбен қуарған:
Жаман ойлар санамызды суарған,
Осындай торғыл ойлар торланар,
Қуған сайын жеткізбесе қу арман.


Болып тұрар жағдайлар да келеңсіз,
Болмас ғұмыр мінсіз белес белеңсіз,
Майда шүйде мәселені дерт етпей,
Көңілге алмай өткер оны елеңсіз.


Өмір жалған мойымағын ешқашан,
Армандарға асқақтаудан тыйылман,
Серпіл, сілкін, қамықпа, алға ұмтыл,
Мен сен үшін бір Аллаға сыйынам.


Отбасыңмен елің саған аманат,
Болғайсың сен әрқашанда қолғанат,
Үмітсіздік ер жігіттің ойраны,
Ер жігітке жарасады мол талап!...


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы