Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
05.04.2021
466
Жеті ата мен жеті ұрпақ
Жеті ұрпақты білмейміз
Әлі күнге көбіміз.
Және бізге беймәлім
Біздің ата-тегіміз.
Ең алдымен сөз етем,
Бірінші ата – өз әкем.
Екіншісі – атамыз,
Үшіншісі – арғы ата,
Төртіншісі – бабамыз,
Бесіншісі – түп ата.
Қалай тыныш жатамыз,
Маған да, ата, бер бата!
Алтыншысы – тек ата,
Жетіншісі – ұлы ата.
Жеті ұрпақты сөз етсек,
Қателікті түзетсек,
Бірінші ұрпақ – ол бала,
Ұрпағыңды қорлама!
Екіншісі – немере,
Үшіншісі – шөбере,
Төртіншісі – шөпшегің,
Бесіншісі – немене,
Алтыншысы – жүрежат,
Жетіншісі – туажат,
Тұқым солай өседі.
Бірін бірі қуалап.
Жеті атаның тілін ал,
Жеті ұрпақты біліп ал!
жеті ата жеті ұрпақ балаларға арналған тақпақтар Өтепберген Ақыпбекұлы Өтепберген Ақыпбекұлы өлеңдері Өтепберген Ақыпбекұлы шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter