Өлеңдер ✍️

  03.04.2021
  302


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Қарлығаштын ұясы

Қарлығаш шыр-шыр етіп ұя салды,


Ұясын қол жетпестей биік салды.


Өзінің балдай сүйген балапанын,


Барымен қорек беріп асырады.


            Басында баспана жоқ тарлық қылды,


            Бар тапқаны күнен-күнге аздық қылды.


            Шырылдап тамақ сұрап жылағанда,


            Шықпас жан ата-ананың шырқырады.


Көмек таппай әкімдіктен, қоғамнан да,


Жан жүрегі ата-ананың қақ айрылды.


Ұйқы көрмей бар тапқанын балама деп,


Қиындықпен арпалысып шырылдады.


            Көре тұра бұл жайды,


            Еш бір жан басын бұрмады.


            Шыбын құрлы көрмеді.


            Басына түскен сынақ деп.


Бұл сұмдыққа төзбеді ме,


Әмір келіп Алладан,


Жанып кетті...


Ұшып көкке бес жұлдыз.


           Тірі болса сәбилер,


           Бес әулеттің жалғасы боп.


           Қуанышқа бөлер еді,


           Қазақ саның көбейтіп.


Бұл қасірет, қасіреттің ауыры.


Сондықтан да пана болсын әр қазақтың басында.


Ұя салу сай-салаға


Жарасқан тек қарлығашқа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

05.04.2022 10:05
Отте тамаша!!! ❤️❤️❤️

Пікір жазу