Өлеңдер ✍️

  03.04.2021
  790


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Бақыт деген немене...

Бақыт деген бала күнгі кездерің,


Балалармен асыр-салып жүргенің.


Шаттықпенен күлкі ойнап жүзіңнең,


Ата-анаңмен бірге жүрген күндерің.


            Бақыт деген бой жетіп,


            Арман қуған кездерің.


            Болашаққа көз салып,


            Қиял қуған күндерің.


Бақыт деген уақытпенен жанару,


Сәбиліктен бойжеткенге айналу.


Ғашықтықтың сезіміне бөленіп,


Махаббаттың құдіретін сезіну.


            Бақыт деген бірге өткізген күндерің,


            Бақыт деген ойнап-күлген кездерің.


            Бақыт деген болашаққа талпынып,


            Сүйіктіңмен жақсы өмір сүргенің.


Бақытты да байқамаймыз кейде біз,


Тұрсақтағы  шын бақытқа бөленіп.


Тәкаппарлық танытам деп әр кезде,


Бақытты да ұшырамыз  қолдан біз.


            Бақыт деген бірге өткізген күндерің,


            Бақыт деген ойнап-күлген кездерің.


            Бақыт деген болашаққа талпынып,


            Сүйіктіңмен жақсы өмір сүргенің.





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Жанат
Жанат 31.05.2023 23:35
Кеш жарық Айтбек Рымбекұлы. Қандай жүректің жылуын сақтап, шынайы махаббатқа толы өлең жолдары... Бақытқа арналған ғой. Құттықтаймын. Қаламыңыз ұштала берсін!!!???
Бақыт
Бақыт 31.05.2023 23:31
Жыр шумақтарыңызды тыңдадым, қламыңыз,ұшқыр қиялыңыз,жыр болып, ақ қағаздың бетіне төгіле берсін, шабытыңыз шапқан аттай жүйрік болсын!!!
Ляззат
Ляззат 31.05.2023 22:24
Айтбек нагашы оте керемет жазылган олен магынасы терен .
Аяулым
Аяулым 31.05.2023 21:56
Керемет жазылған шығарма. Жүрекке жетті
Болат Бикен
Болат Бикен 31.05.2023 21:50
Ассалаумағалейкум Әдемі жазыпсыз!
Дана
Дана 31.05.2023 21:49
Сәлеметсіз ба? Аяқ қолыңызға дерт бермесін, әр тақпақ өлең шумағыңыз әсерлі жазылған.
С.Бақытбек
С.Бақытбек 31.05.2023 21:46
Бақыт туралы жақсы айтылған екен,балалық шаққа саяхат жасап кеттім…
Болат
Болат 31.05.2023 21:43
Ассалаумалейкум, Айеке! Өлеңде өмірдің өзі айтылған. Рас қой. Адамдар бар барды бағалай білмейтін. Соларды ойға шақыратын өрелі өлең екен. Сізге екі дүниенің бақытын тілейміз! Жазарыңыз таусылмасын Айеке! Бар болыңыз!

Пікір жазу