Өлеңдер ✍️

  03.04.2021
  268


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

ӨМІР – ӨЗЕН

Өмір өзен арнасы мен тоғысқан,


Өмір өзен толқынымен жарысқан.


Өмір өзен ағып жатқан тоқтаусыз,


Өмір өзен өтіп жатқан білінбей.


            Өмір ғажап, атып жатқан әр таңың.


            Өмір ғажап, өтіп жатқан әр күнің.


            Өмір өзен қос жағадан тұратың,


            Өмір кейде нәзік гүлдей солатын.


Өмір деген қуанышты күндерін,


Өмір деген өкінішті сәттерің.


Өмір деген ағып түскен жұлдыздай,


Қайта айналып келмейтін.


            Өмір сен де тәкапарсың, қаталсың,


            Біреулерге сынақ отын жағасың.


            Көз аштырмай қайғы-мұңға бөлейсің,


            Біреулерге бақыт отын шашасың.


Өмір кейде тұнып тұрған теңіз ғой,


Өмір кейде алай-түлей дауыл ғой.


Буырқанса бұлқынса,


Жағалауда қалдырар.


            Өмір деген махаббат,


            Қос жүректен тұратын.


            Өмір деген кемеде,


            Жүзе білсін қалықтап.


Өмір деген сырға толы,


Мұңға толы ғажап әлем.


Өмір деген тендесі жоқ құдіреттің сыйлығы,


Сондықтан да мен өмірді сүйіп өтем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу