Өлеңдер ✍️

  03.04.2021
  234


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Анама ұқсап барасың

Табиғаттың әр маусымы ерекше,


Әр маусымның ішінде қыс мезгілі өзгеше.


Қара жердің бетін басқан ақ ұлпа,


Айналаға сән бергендей тамаша.


            Табиғатта қыс мезгілі қызықты,


            Қыс айының ішінде ақпан айы көрікті.


            Алай-түлей боран болып тұрса да,


            Көрікті ол көрікті.


Себебі ол күн,


Сен туған күн.


Ұйтқып соққан аппақ қар,


Ақ ниеттің белгісі.


            Жақсылық үшін жарыстың,


            Жамандық пенен алыстың.


            Жанашыр болып туысқа,


            Татулық қамын ойладың.


Әділдік жолын ұстанып.


Анама ұқсап барасың.


Ақылды дана болғаның,


Анама ұқсап тұрғаның.


           Өзгерер бәрі  өзгерер,


           Уақыты жетсе жаз келер.


           Гүлденер гүлде, ағашта,


           Нұр шапағат шашылса.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу