Өлеңдер ✍️

  01.04.2021
  399


Автор: Абай Құнанбаев

Шығыс ақындарынша

Иүзи – рәушан1, көзі – гәуһар2,
Ләғилдек3 бет үші әхмәр4.
Тамағи қардан әм биһтар5,
Қашың құдрет6, қоли шигә7.


Өзәң гүзәлләра рәһбар8,
Сәңә ғишық болып кәмтар,
Сүләйман, Ямшид, Искандәр,
Ала алмас барша мүлкигә.


Мүбәда9 олса ол бір кәз,
Тамаша қылса йузмә-йуз.
Кетіп қуат, йұмылып көз,
Бойың сал-сал бола нигә?


1 - Рәушан, рушан (парсыша) – жарық, айқын, әдемілік.
2 - Гәуһар, жауһар (парсыша) – асыл тас.
3 - Лағыл (арабша) – асыл қызыл тас.
Лағылдек – лағылдай.
4 - Әхмар (арабша) – қызыл.
5 - Биһтар (парсыша) – бетер, жақсырақ. Бұл жерде қардан да ақ деген мағынада.
6 - Құдрет (арабша) – күш. Бұл жерде ерекше жаратылған деген мағынада.
7 - Шигә (парсыша) – әдемі, сұлу.
8 - Рәһбар (парсыша) – жол сілтеуші, бастаушы. Бұл жерде әдемілікке бастаушысың деген мағынада.
9 - Мүбәда (арабша) – егер де бола қалса деген мағынада.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу