Өлеңдер ✍️

  01.04.2021
  298


Автор: Олжас Сүлейменов

Асау үйрету

Көтеріп атқа қондырдың,
Ат емес –
Алау.
Бүлік бір.
«Сабау деп қалма,
Бұл – ер» деп,
Қарадың сосын күліп бір.


Жас тұлпар басын тұқыртып,
Жер тарпып тұрды тынымсыз.
Әзілден өткір қамшы жоқ,
Тіл деген әсте буынсыз.


Алғашқы рет,
Өрекпіп,
Ағытып қойдым түймемді.
Тізгінді мытып,
Табаным
Таралғыға тиген-ді.


Айғырым асау атылып,
Жармаса кеттім жалына.
Мырс етіп күліп алдың сен
Менің мүшкіл халыма.


Арғымақ –
Пай-пай! –
Азынап
Тулады дейсің толқындай.
Үзіліп кете жаздадым
Жүзімдей
Піскен солқылдай.
Аямақ емес ол мені,
Менің де жоқ-ты аяғым,
Салып кеп қалдым көзіңнен,
Аспаннан келді аяғым....


Дүние кетті дөңгелеп....
Осымен тынды бақ сынау.
Асауым тұрды
Бір көзін
Сипағысы кеп,
Қайтсын ау!


Қып-қызыл жолақ дірілдеп
Жосыды көздің жанымен
Ол күнді кеттім белгілеп
Асаудың алау қанымен!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу