Өлеңдер ✍️

  31.03.2021
  178


Автор: Аралбай Оңғарбекұлы‎

Сұрасаң кеңес аралдан

Сұрасаң кеңес аралдан
Жалқаулық етіп қалалман.
Жүрият болып үдіредік
Әуелде жалғыз адамнан
Бір теректен көгеріп,
Бұтағымыз көбейіп,
Жер - жиһанға таралған.
Тебіреніп тердік ырзықты
Бұйрған әуел - озалдан.
Мизанға шашқан нәсібе
Бұйыртқан дәмді ашауға
Өткендерден мирас боп
Келе жатыр қашаннан.
Ылажың болар қаншалық,
Әмір етсе жан Аллаң?!
Рұқсат беріп Жасаған,
Айдаса, бармай қала алман.
Мөлшеріне тап келсе,
Өлшегенде шақ келсе,
Пендесі қашып құтылмас
Пайда менен залалдан.
Кімдер азып-тозбаған,
Кімдер қапыл болмаған
Түрленген фәни - заманнан
Айырылып қалың халқынан,
Кеміді қымбат парқынан,
Әзіреті Жүсіп пайғамбар
Мысырда түсіп базарға
Шығыпта арзан нарқынан.
Құр шулағанмен пайда жоқ,
Болмаса асыл парықтан.
Арнап жаздым бір сәлем
Қадірмен Әмет қартқа.
Қыранның алғыр сойы едің
Шалқайып жатқан жырақта.
Жеті атаңнан шыңжырлы
Белгілі едің бақытты.
Сара туған сақи ең
Көрсеткен жұртқа қалыпты.
Озса Қазақ - алшыннан,
Мәртебең асып артқан.
Алла берген әруақ
Бұлттай болып шаңытқан.
Сүйінқара аржағың,
Бірдей өскен мал - жаның,
Өлшессе, ауыр салмағың
Кім-кімді де тұрады
Таразыда басып-ай.
Сеннен туған Жұмажан,
Көргені артық ұядан,
Сыралғы едің сірәдан.
Нағашынды сұрасаң,
Есентемір Ер Мыңбай.
Сұлтан келді, Көктаубай
Кіл жәуһардің тұқымы.
Боласың неғып жасық-ай!
Айбынды туған жас ақ сұңқар.
Құмарынан шықпайды,
Көлдің қусын тауыспай.
Өңкей тұлпар мінгені,
Болдырмайды шабасқа-ай.
Сасқандар келіп қорғалап,
Бұтағыңа жабысты-ай.
Адайда жалғыз ауылсың,
Әзір тұрған ауыспай.
Өзің тірі жүргенде
Бермедің қолдан намысты-ай.
Сүйіннен туған Көтібар
Қара ұлынан хан болып,
Қадірі топқа білінді-ай.
Және хабар берейін
Жұмағазы інімнен,
Жақсының орны жалғасып
Келе жатыр ізімен.
Қаптаған қара боранда
Паналы асқар таумысың
Айнала халық кідірген.
Асылдан қалған абзалым
Алла берген шынымен.
Ересек жасқа енгесін,
Атыңды алаш білегсін,
Ит жүгіртіп, құс салдың,
Салтанат етіп ұстадың,
Тарқатып көңіл құмарын,
Екі жүйрік тең бағып,
Таралғыны кең тағып,
Алшынның көрдің құралын.
Ат оздырдың Адайдан,
Олжаңды алды талай жан,
Дәндеген кетпей маңыңнан,
Мағлұм болды бұларың.
Толығып қайрат ақылға
Алқада атың жатталған.
Байрақты жерде күресіп.
Талайдың аттап басынан,
Бұдан да бітті мұрадың.
Жалы жерде оқ атсаң,
Қайратыңды ел сынады.
Даулы жерде сөз айтсаң,
Сөзіңді айтқан тыңдады.
Қоспасыз нағыз алтыным,
Тыңға салса тосырқап,
Қайтпады сенің қылабың.
Қабырғадан қар жауса,
Қайыспас қара бұланым.
Шөлдеген жанды қандырған
Айдынды шалқар бұлағым!
Толығып қайрат ақылға
Алқада атың жатталған.
Байрақты жерде күресіп.
Талайдың аттап басынан,
Бұдан да бітті мұрадың.
Жалы жерде оқ атсаң,
Қайратыңды ел сынады.
Даулы жерде сөз айтсаң,
Сөзіңді айтқан тыңдады.
Қоспасыз нағыз алтыным,
Тыңға салса тосырқап,
Қайтпады сенің қылабың.
Қабырғадан қар жауса,
Қайыспас қара бұланым.
Шөлдеген жанды қандырған
Айдынды шалқар бұлағым!
Қонаққа бағлан қырдырдың,
Самаурын, шәйнек, қыздырдың,
Сақилығың тұр білініп,
Білмедік қалай жетерін.
Сапар шексең алысқа,
Қызыр - Ілияс нөкерің.
Ғаріп пенен қасірдің,
Сұраған мүшкіл - нашардың
Қалт етпедің меселін.
Ноғайда Нәрік, Шорадай,
Заманда болдың солардай.
Ешкімнен бәсің кем емес,
Бәйіт еттім парқыңды,
Мәшһүр еттім даңқыңды
Мен - мүсәпір Аралбай,
Үйде жатқан мешелің.
Азы жақсы асылдың,
Аяғын тәмәм етемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу